Саясаттанушы, ақын, жазушы, мәдениет қайраткері Бердалин Арман Тілектесұлы білім алушылармен кездесті

Бүгін, «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» жобасы аясында, Қаскелең мәдениет колледжінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры, саясаттанушы, ақын, жазушы, мәдениет қайраткері Бердалин Арман Тілектесұлы білім алушылармен кездесті. Кездесуді колледж директоры Саят Қырғызбайұлы ашып,  Елбасының «ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында көрсетілгендей, қазақтың салт-дәстүрімен әдет-ғұрпын, мәдениеті мен әдебиетін дамытуда атадан балаға мирас болып қалған, халқымыздың ақындық өнері және жыршылық өнері, дәстүрлі ән мен күйдің Мәңгілік Ел болып қалыптасуда алар орны ерекше екенін және Қарасай ауданының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында,  түрлі кездесулер мен мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып жатқанын, соның бір жалғасы ретінде арнайы ат басын бұрып, колледж студенттерімен кездесуге келіп отырған, мәртебелі меймандармен жүздесу осында отырғандар үшін өте пайдалы екеніне тоқталды.

Арман Тілектесұлы, колледждің білім алушыларына ағалық ақылын айтып, әр азамат жеке басының күйін күйттемей, өз санасын арамы пиғылдан тазартып, өзін-өзі тәрбиелей алса, еліміздің ертеңі жарқын, келешегі кемелді де айқын екенін айтты. Сондай-ақ, келесі тұлғалар кездесуде болды:

  • Ырза Тұрсынзада - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанындағы Республикалық арнайы монитаринг тобының мүшесі, қолөнерші, этнодизайнер, «Алтын сапа» сыйлығының иегері;
  • Нұрғисаев Серікбай Өрікбайұлы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысы;
  • Назарбаева Айжан Нұрділдақызы – Қарасай ауданының әкімі аппаратының орынбасары .