Тарихы

Қаскелең мәдениет колледжі бастапқыда Қазақ ССР мәдениет жөніндегі Мемлекеттік Комитетінің 1955 жылғы 20 шілдегі өкімімен Қаскелең мәдени-ағарту училищесі ретінде құрылды.  Ең алғаш ол Қазақ КСР мәдениет Министрлігінің Лепсі атындағы кітапхана техникумы болып аталған және Талдықорған облысындағы  Лепсі ауылында  болған. 1967 жылы  Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің №808-Ө 13 шілдедегі бұйрығына  және  (Қазақ КСР) жоғары және орта арнайы білім беру Министрлігінің 1967 жылғы 18 шілдедегі өкіміне сәйкес Қаскелең қаласына ауыстырылды.

 

1992 жылы Қаскелең мәдени-ағарту училищесі  ҚР Министрлер Кабинетінің № 477 қаулысы негізінде Қаскелең мәдениет училищесі болып аталды. Қаскелең мәдениет училищесі атынан ҚР білім және ғылым Министрлігі алқасының 07.07.1995 жылғы № 4-2 шешімімен Қаскелең мәдениет колледжі болып қайта құрылды.

 

2013 жылы Алматы облысы Әкімінің 14 маусым 2013 жылғы №170 Қаулысының негізінде "Қаскелең мәдениет колледжі" мемлекеттік қазыналық кәсіпорын "Алматы облыстық білім Басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Қаскелең мәдениет колледжі" Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны болып қайта аталды.

 

Қаскелең мәдениет колледжі Қазақстанның білім беру нарығында 1955 жылдан бері жұмыс істейді және 63 жылдық тарихы мен тәжірибесі бар мекеме. Осы кезеңде 3000-нан астам мамандар дайындалды және олар білім беру мен мәдениет саласында тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ таяу және алыс шетелдерде  жұмыс істейді.

 

Қазіргі уақытта "Қаскелең мәдениет колледжі" Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны 04.11.2013 жылғы № 13017204 мемлекеттік лицензиясына сәйкес  2 техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады  : 0401000 – "Кітапхана ісі" мамандығы "Кітапханашы" және 0403000 - "Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркем өнер шығармашылығы" біліктілігін  береді.