Әкімшілігі

       Акбасов Саят Киргизбаевич

 

Президент стипендиясының иегері, халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаты, Қаскелең мәдениет колледжінің директоры. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын бітірген. П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде директордың тәрбие және шығармашылық жөніндегі орынбасары, халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында оқытушы қызметтерін атқарды.

 

2002 жылы Дүниежүзілік қауымдастығының бірінші орынбасары Қалдарбек Найманбаевпен шет елдерді аралап, қазақтың дәстүрлі мәдениетін насихаттауда өз үлесін қосты. Атап айтсақ; Түркия, Германия, Франция, Ресей және Өзбекстан елдерінде болды. Қазақстан Ұлттық телеарнасында «Қазақтың 100 күйі» және «Сегіз қырлы», Хабар телеарнасында «Алтыбақан», Қазақ радиосында «Нар идірген» бағдарламаларына қатысып, дәстүрлі күй өнерін насихаттады.

 

Дәріс ала жүріп, Республикалық - саяси «Нұр – Отан» партиясының қолдауымен, Қазақстанның Ресейдегі жылына орай және Санкт – Петербург қаласының 300 жылдық мерейтойы аясында өнер көрсетті. 2000 жылы ХІХ Республикалық жас орындаушылар конкурсында 1 орын алғаны үшін лауреат атағы берілді және Астана қаласында өткен 1-ші Халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестиваліне қатысты.

 

2016 жылы 29 қарашада Ғалымдар үйінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығы және Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған «Күй көненің күмбірі»  атты жеке шығармашылық концертін өткізді. 2015 жылы «Домбыра тарту тәсілі»  оқу – әдістемелік кітабын шығарды. Педагогикалық еңбек өтілі 13 жыл. Жоғары санатты оқытушы.

 

 

Декембаева Нуржамал Калиевна

 

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары. Қазақстан Республикасының  Білім беру саласының құрметті қызметкері. 1994 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің «Бастауыш сынып педагогикасы мен әдістемесі» мамандығын үздік дипломмен аяқтаған. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің «Қазақ тілінің теориясы мен методикасы» мамандығы бойынша Аспирантураны аяқтаған. 2016 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесі берілді. Педагогикалық еңбек өтілі 24 жыл. Жоғары санатты оқытушы. Оқытатын пәндері: Қазақ әдебиеті.

 

 

Ахмеди Дастан Аскербекұлы

Директорының оқу –өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары. 1981- жылы  П.И Чайковский атындагы музыка училищесіне түсіп ,  1985-жылы музыка мектебінде домбыра-прима мұғалімі, Халық аспаптар оркестрінің жетекшісі мамандығы бойынша бітірген.1989-жылы Қазақ Педагогикалық институтына түсіп,1994-жылы «Музыка»-оқытушысы, «Домбыра-прима»-оқытушысы, «Халық аспаптар оркестрінің дирижері»-мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Бірінші санатты оқытушы.  Жалпы педагогикалық еңбек өтілі 30 жыл.  Арнайы пән оқытушысы.

 

 

Джунусова Балжан Калиевна  

     

Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары. 2005 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының «Химия және биология» мамандығын бітіріп шыққан. 2017 жылы Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетінің «Тарих» мамандығы бойынша аяқтаған. Педагогикалық еңбек өтілі 13 жыл. Бірінші санатты оқытушы. Оқытатын пәндері: Қазақстан тарихы.