Біздің кітапхана

Кітапхана – мәдени білім ордасы.

 

Қазақстанның Жетісу өңіріндегі арнаулы мәдени оқу орындарының бірі саналатын Қаскелең мәдениет колледжінің тарихы сонау соғыстан кейінгі кезеңнен басталады. Бұл оқу орны Талдықорған облысындағы Қапал елді мекенінде педагогикалық училище негізінде құрылған. Кейін Лепсіге қоныс аударып 1967 жылға дейін Лепсі кітапхана техникумы болып, арнаулы орта білімді мамандар даярлауға үлкен үлес қосты. 1967 жылдан бастап арнаулы оқу орны Қаскелең қаласынан орын тепті.

«Кітапхана ісі» мамандығы оқу орнының негізгі бір бөлімі болып есептеледі. Кітапхана ісін қолдау және дамыту, мәдени құндылықтарды қалыптастыру, сақтау қай кезеңде болмасын мемлекет бағдарламалары арқылы іске асырылып келеді.

 

 

Қаншама ғылыми-экономикалық прогресс болып, электронды ақпарат құралдары, информатиканың басқа да көздері көбейгенімен кітаптың алар орны бөлек. Керек десеніз прогрессті жасау үшін де мың жылдықтар бойы адамзаттың ғылыми білімінің жиынтығы толы кітапқа жүгінбеу мүмкін емес. Білім бұлағы саналатын кітаптың қастерлі қасиетін таныған шығыстың жарық жұлдызы Әлішер Науаидің «Кітап — ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына», сөздерін еске алсақ , кітаптың шексіз құдіреттілігін паш етеміз, ал сол кітаптың өзін қайдан аламыз? Қызықты ақпараттар және тың мәліметтермен қайда танысамыз? Әрине кітапханада. Сол кітапты сақтап, оқырмандарға ұсынатын – кітапхана. Кітапхананың негізгі мақсаты:- кітапты насихаттау және оқырман мұқтажын қанағаттандыру.


Қаскелең мәдениет  колледждің кітапханасының көлемі 55 кв.м. абонемент және 16 отырғызу орынға оқырман залымен жайғастырылған. Кітапхана оқу жылынан бастап құрастырылған тізім бойынша күндізгі және сырттай оқитын оқушылар керекті әдебиеттермен қанағаттандырылған. Кітапханаға 360 оқырман жазылды Бірінші курс оқушыларына кітапхана экскурсия өткізілді,оқушылар кітапхананың ережелер және міндеттерімен,өз құқықтарымен танысады.,  .Кітап қоры электронды каталогқа енгізілген. Интернет қосылған. Оқу залы компьютерлермен жабдықталған, көркемдік безендірілген  т.б.

Колледжде өтетін шараларға кітапхана белсене ат салысады.


Кітапхана қорын кітап көрмелері , тақырыптық сөрелер арқылы көрсетеді. Тақырыптық көрмелер тұрақты және мерекелік даталарға арналып ұйымдастырылған. Мысалы: «Мемлекетті.тіл-менің тілім», «Қош келдің-Наурыз», « Гүлдене бер, өркендей бер, елім менің Қазақстан!», «Ұлы ерлікке мың тағзым», «Қазақ әдебиетінің ұлы тұлғалары», “Өнер-өмірдің өзіндей мәгілік”, “Арқа сүйер-Ата заң” т.б.

 

Кітапханалық еңбек  болашақтағы кітапхана үшін ең абыройлы беделді іс. Сондықтан кітапхана қызметіне көпшілік назарын аудару мақсатында қоғамдық пікірді, олардың имиджін қалыптастыру, болашақ кітапханашылардың алатын  әлеуметтік ролін арттыру маңызды екені сөзсіз.

 

Кітапханашы мамандығының ерекшелігі – оның кітапқа деген сүйіспеншілігінің болуында, кітап мазмұнын ашып оқырман қызығушылығын, сұранысын арттырып насихаттай білуінде. Кітап-адамзат руханиятының алтын сандығы. Әр ұлт өз тарихында жинақталған барлық тағылым-тәжірибесін ақыл-ойының асыл қазынасын кітап арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырады. Көптің қалауына қарай кітап беттеріндегі сырларды  ақтару оңай іс емес.

 

 

Еліміздің тарихын, мәдениетін, әдебиеті мен өнерін т.б. білім салаларын оқып білуге жетелейтін ақыл ой қазынасы кітап болса, ал кітап жайлы ақпарат беретін, оқырмандардың өзіне қажетті білім алуына жағдай жасайтын бірден-бір мамандық иесі - кітапханашы. Оны жете білген маман ғана кітап әлемінде  еркін басшы бола алады. Бүгінгі күнде кітапханашы мамандығына қойылатын талап та жоғары. Ол білім көзіне еркіндікті қамтамасыз етуден бастап, біліммен басқару үдерісіне дейінгі кезеңді қамтамасыз етеді. Бұл ақпараттық ресурстарды құру, жинау, ұйымдастыру, қамтамасыз ету және пайдалану, ақпаратты бағалы құндылыққа айналдыру процесі. Білімді басқару мәліметтер қорынан, құжатты материалдардан және кітапхана қызметкерлерінің интеллектуалдық капиталынан тұрады.

 

Заман талабына сай  болашақ мамандарды кітапхана ісінің қыр-сырын жете білуге тәрбиелеу, оларды терең біліммен қаруландыру, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, жеке басының адами қасиеттерін қалыптастыру, сөйтіп білімалушылардың кәсіптік шеберліктерін шыңдай түсу бүгінгі күннің негізгі міндеттердің бірі. Ал, жаңа технология негіздері - білімалушыларға арнайы пәнді тиімді ұғындырудың  басты бағыты болып табылады.

 

Арнайы пәндердің Үлгілік оқу бағдарламалары

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты 0401000-“Кітапхана ісі” мамандығы бойынша төмендегі пәндерден оқу Үлгілік бағдарламалары құрастырылып, ҚР Білім және ғылым министрлігімен бекітілді.

  1. «Библиографиятану»
  2. «Кітапханатану»,
  3. «Кітапханалық қорларды және каталогтарды ұйымдастыру»
  4. «Кәсіптік тәжірибе»

 


 

 

 

 

Мукашева Шынар Батырхановна«Библиографиятану» пәнінің  оқытушысы, «Кітапхана ісінің шебері» төсбелгісінің иегері

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

«Библиографиятану»


 

«Библиографиятану» пәнінің міндеті  - библиографиялық ақпаратты дайындау үрдісінде қолданылған әдіс-тәсілдерді оқып үйрену және ақпарат тұтынушыларға оны дайындап жеткізу.

«Библиографиятану»пәні - баспа басылымдарын жіктеуді; ғылыми-көмекші, ұсыныс, баспа және кітапсауда, өлкелік библиографиялық басылымдарды талдауды; барлық білім саласы бойынша тұтынушыларды библиографиялық ақпаратпен қамтамасыз етуде, кітапхананың анықтама-библиографиялық аппараты (АБА) мен ақпараттық-іздестіру жүйесіне (АІЖ)  бағдар жасай біліп, библиографиялық іздеуді жүргізуді; библиографиялау әдісін басшылыққа ала отырып, библиографиялық құралдарды құрастыра білуді; анықтама-библиографиялық қызмет көрсету жұмысын есепке алу және талдай білуді; әртүрлі басылым бойынша библиографиялық ақпарат жүргізуді; пайдаланушылар арасында библиографиялық және ақпараттық мәдениетті қалыптастыру және библиографиялық білімді таратуды қарастырады.

Пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер:

  • кітапхана ісі саласындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңдарын, нұсқауларын, бағдарламаларын және ережелерін басшылыққа алуды;
  • библиография тарихын; библиографияның негізгі түрлерін;
  • библиографиялық қызмет нысандарын;
  • Қазақстандағы библиографияның ұйымдастырылуын және библиографиялық орталықтар қызметін;
  • библиографиялық іздеуді ұйымдастыруда кітапхананың АІЖ пайдалануды;
  • әр білім саласындағы әдебиеттер библиографиясын білуі керек;
  • библиографиялық жұмыс формалары арқылы әдебиеттерді насихаттауды;
  • баспа өнімдерін насихаттау мен библиографиялаудың негізгі процестерін;
  • ақпараттық технологияны пайдалануды;
  • баспа өнімдерін жіктеуді және жеке немесе топ абоненттерге ақпаратты іріктеп таратуды меңгеруі қажет.

 


 

 

 

Тиерменова Айгул Алимжапаровна–«Кітапханалық қорларды және каталогтарды ұйымдастыру»пәнінен жоғары санатты оқытушы

 

 

 

 

 

 

 

«Кітапхана қорларын және каталогтарын ұйымдастыру»

 


«Кітапхана қорларын және каталогтарын ұйымдастыру»пәнінің міндеті  – білімалушыларға кітапхана қорын және каталогтарын ұйымдастыру ерекшеліктерін, олардың оңтайлы оқырмандарға қызмет көрсету және кітапхананың ішкі жұмыстарын дұрыс ұйымдастырып, сапалы қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыруға бағыт беріледі.

Пән мақсаты– бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау, кітапхана қорларын, каталогтарын және олардың анықтама аппаратын ұйымдастыруды,  каталогтарымен жұмыс жасауды, ақпараттарды табу және оқырмандарға библиографиялық көмек көрсету жұмыстары бойынша іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.

«Кітапхана қорларын және каталогтарын ұйымдастыру»  кітапханадағы барлық баспа басылымдарының және де басқа құжаттардың бір жүйеде жинақталуын. Қордың жинақталуы кітапхананың мақсаты мен пайдаланушының сұранысына байланысты, сондай-ақ кітапхана қорының құрылысы дұрыс ұйымдастырылуына қарай оқырмандар кітап қорын  оңай пайдалануға мүмкіндік алуын. 

Пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер:

  • кітапхана ісі саласындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңдарын, нұсқауларын, бағдарламаларын және ережелерін басшылыққа алуды;
  • кітапхана қорларының құрамын, құрылымын, функциясы мен қасиетін;
  • каталогтардың түрлері мен нысандарын, орталықтандырылғын кітапхана жүйесінің каталогтары мен карточкалар жүйесін;
  • қорды өңдеуде және каталогтарды құрастыруда жаңа технологияларды қолдануды;
  • сала бойынша және балалар әдебиеттерін жүйелеудің ерекшеліктерін;
  • библиографиялық сипаттаманың маңызын, қолданылуын және түрлерін;
  • кітапханалық-библиографиялық жіктеу кестесін;
  • кітапхана қорын ұйымдастыруға және жинақтауға, іздеуге және тапсырысты орындауға РАБИС, КАБИС бағдарламаларын қолдануды;
  • ескірген, қолданысқа қажетті құнды басылымдарды қалпына келтіруді;
  • балалар кітапханасында каталогтарды құрастыруда басшылық етуді;
  • нарық экономика жағдайында кітапхана ісінің болашақ міндеттерін анықтауды;
  • қорлардың сақталуын қамтамасыз етуді;
  • каталогтар мен картотекаларды құжаттармен қамтамасыз етуді;
  • кітапхана жұмысының түрлерін қолдану арқылы ғылыми-техникалық, әдеби қолжазбаларды насихаттауды;
  • кітапхана қорына жаңа түскен басылымдарды қабылдауды және қордан кітаптарды шығаруды;

 

 

 

Керимбаева Жадыра Алдабергеновна «Кітапханатану» пәнінен екінші санатты оқытушы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Кітапханатану»

 

Кітапханатану – кітапхана ісінің теориясын, тарихын, әдістемесі мен технологиясын зерттейтін ғылыми пән. Терминді алғаш рет ғылыми айналымға енгізген «Кітапханатану жөніндегі негізгі басшылықтың іс-тәжірибесі» атты 2 томдық еңбектің авторы, неміс кітапханатанушысы М.Шреттингер (19 ғ.).

Кітапханатанудың негізгі салалары: жалпы кітапханатану, кітапхана қоры, кітапхана каталогы (құжаттарды электронды тасымалдау), оқырмандармен жұмыс, кітапхана жұмысын ұйымдастыру, кітапхана ісінің тарихы.

Кітапханалық ой жүйесі қолжазбалық және баспа кітаптарды, басқа да ақпараттық тасымал құралдарын жинайтын, сақтайтын және пайдаланатын мекеме ретінде кітапханалардың пайда болуымен бірге қалыптасты.

Кітапханатану білім саласы ретінде басқа ғылымдардан бөлек өмір сүрмейді. Оның халықаралық байланыстары басқа ғылымдардың әдістері мен іс-тәжірибелерін, нақты материалдарын, теориялық мәселелерді шешу үшін пайдаланылса, олар өз кезегінде кітапханатанудың теориялық және іс-тәжірибелік қуатын қолданады.

Кітапханатану білімінің аса маңызды теориялық қағидаларына сүйене отырып, қазақстандық кітапханатану білімі қазіргі қоғамдағы кітапхана үрдістерінің даму заңдылықтарын теориялық тұрғыдан белгілейтін қағидаларды жүйеге келтіріп, кітапхана ісінің әлеуметтік мәселелерін, кітапханалардың қоғамдық рөлін, Қазақстан жағдайларындағы халыққа кітапханалық қызмет көрсету түрін жан-жақты зерттейді.

Мақсаты: Кітапхана ісінің негізгі теорияларын оқыту, меңгерту. Әлемдік ақпараттандандыру және қоғамды компьютерлендіру тенденциясы негізінде қазіргі кітапхана ісінің қызметтерін компьютерлік оқытуға бағындыру, ақпаратты қоғам технологияларына, ақпараттық ресурстар мен қызмет көрсету жүйесін ұйымдастыруды құру және пайдалануды қамтамасыз етудің негіздерін оқыту.

Міндеттері:

  • жалпы кітапхана ісінің тарихына шолу,негізгі теориялық сипаттарын анықтау;
  • жалпы кітапханалық жүйені қалыптастырудың басты міндеттері, қызметтері мен әрекетттеріне қатысты жұмыстарды кеңейтудің негіздерін үйрету;
  • кітапханалық үдерісте қазіргі жаңашыл әдістерді қолданудың ерекшеліктері; кеңейту мүмкіндіктерін ашу;
  • дәстүрлі әдістерді инновациямен сабақтастыра отырып, кітапхана ісінде пайдалану арқылы тиімді, сапалы қызмет көрсету;
  • тапсырыс бойынша сайттар мен анықтамаларды, тақырыптарды іріктеу;
  • мүделі тақырыпта жедел ақпарат таба алу;
  • кітапханатану ісіндегі қызметтің тиімділігін арттыру жолдарын көрсету.

 

 


 

«Кітапхана ісі» бөлімінің білім алушылар контингенті

 

Р/с

Оқу жылдары

Оқуға түскендер

Оқудан шыққандар

Оқуды бітіргендер

1

2013-2014 оқу жылы

25 білім алушы

3 білім алушы

22 білім алушы

2

2014-2015 оқу жылы

25 білім алушы

4 білім алушы

21 білім алушы

3

2015-2016 оқу жылы

25 білім алушы

6 білім алушы

19 білім алушы

4

2016-2017 оқу жылы

25 білім алушы

1 білім алушы

24 білім алушы

5

2017-2018 оқу жылы

25 білім алушы

7 білім алушы

18 білім алушы

 

 

Білім алушылардың білім сапаларының көрсеткіштері

2013-2014 оқу жылы

 

 

 


 

 

2014-2015 оқу жылы

 

Оқытушы: Джумагалиева Б.Н.

 


 

Оқытушы: Салхынова А.Р.

 


 

Оқытушы: Тиерменова А.А.

 


 

Оқытушы: Шарафутдинова Б.Р.

 


 

2015-2016 оқу жылы

2015-2016 оқу жылы «Кітапхана ісі» мамандығының  2 курс білімалушыларының негізгі және арнайы пәндер бойыншажалпы үлгерімі мен білім сапасының курстық мониторингісі.

 

 

2015-2016 оқу жылы «Кітапхана ісі» мамандығының  3 курс білімалушыларының негізгі және арнайы пәндер бойыншажалпы үлгерімі мен білім сапасының курстық мониторингісі.

 

 


 

 

2016-2017 оқу жылы

2016-2017 оқу жылындағы «Кітапхана ісі» бөлімінің 2, 3 курсбілім алушыларының барлық  пәндер бойынша оқу үлгерімі мен оқу сапасы мониторингі

 

 


 

2017-2018 оқу жылы

 

Педагогтардың білім жетілдіру курстары туралы мәлімет.

 

Оқытушының аты-жөні

Курс тақырыбы

Өткен орны

Жылы мен мерзімі

2013-2014 жж

2014-2015 жж

2015-2016 жж

2016-2017 жж

2017-2018 жж

1

Шарафутдинова Б.

1)      «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы заманауи технологиялар»

 

Алматы облысы б-ша педагог қызметкер-лердің біліктілігін арттыру инст-ты

Маусым, 2014

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2)    «Оқытудың дуалды жүйесі жағдайында сыни тұрғыдан ойлау технологиясы»

«Өрлеу» біліктілікті арттыру орт. АҚ

 

шілде, 2014

 

 

 

 

 

3)    «Ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелері»

ҚР білім және ғылым мин-гі «Талапкер- ЮК» оқу орталығы

 

желтоқсан, 2014

 

 

 

2

Тиерменова А.А.

«Педагогика негізінде кәсіби қалыптасуын және дамуын біліктілікпен басқару»

ТОО«Two Light Project»

 

Маусым,

2015

 

 

 

3

Ибрагимова К.З.

«Жаңашыл педагогикалық технологияларды арнайы орта білім беру ұйымдарында қолдану»

Алматы қаласы «TUMAR» инновациялық білім беру орталығы

 

 

Ақпан, 2016

 

 

 

4

Асембекова Д.С.

 «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы заманауи технологиялар»

 

Алматы облысы б-ша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

Маусым, 2014

 

 

 

 

5

Джумагалиева Б.Н.

«Қазіргі кезеңде Қазақстанда кәсіптік білім беруді дамытудың модульдік-дуалдық технологиясы»

«Тұран-Профи» Кәсіби академиясы» мекемесі

 

 

Қараша, 2015

 

 

6

Амирханова А.

 «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы заманауи технологиялар»

 

ҚР білім және ғылым министрлігі «Талапкер- ЮК» оқу орталығы

Маусым, 2014

 

 

 

 

7

Мукашева Ш.Б.

 

 

 

 

 

 

 

8

Керимбаева Ж.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқытушылардың аттестациядан өтуі

 

Колледж атауы

Оқытушылар аты-жөні

Жалпы саны

ОНЫҢ ІШІНДЕ

мерзімінде өтуге

мерзімінен бұрын өтуге үміткер

2013-2014 оқу жылында өткендер

1

2

Байтелекова Б.Т.

Керимбаева Ж.А.

2

 

2

0

2014-2015 оқу жылында өткендер

 

1

Қаскелең мәдениет колледжі

Джунусова Б.К.

 

1

 

1

 

0

 

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылында өткендер

1

Қаскелең мәдениет колледжі

0

0

0

2016-2017 оқу жылына жоспарланғаны

 

1

2

3

4

5

6

Қаскелең мәдениет колледжі

Асембекова Д.С.

Байтелекова Б.Т

Тиерменова А.Ә.

Шарафутдинова Б.Р.

Ибрагимова К.З.

Салқынова А.Р.

 

6

 

 

6

 

0

2017-2018 оқу жылында өткендер

 

1

2

Қаскелең мәдениет колледжі

Мукашева Ш.Б.

Керимбаева Ж.А.

 

2

 

2

 

0

 

 

Ғылыми-зерттеу жұмысы

 

Автордың  аты-жөні

Әдістемелік құралдары мен нұсқаулықтары, оқу бағдарламалары баяндамаларының  тақырыптары

 

1

Асембекова Д.С.

Коммуникативный метод обучения иностранным языкам//Оқу мен оқыту әдісін ұштастыру – сапалы білім негізі: Жинақ.- Алматы, 2014.- 6-10 бет.

«Кәсіби шет тілі» пәнінің Үлгілік оқу бағдарламасы, 2014

«Кітапханашыларға арналған ағылшын тілі» пәнінің Үлгілік оқу бағдарламасы, 2014

2

Тиерменова А.А.

Жас мамандардың кәсіби құзырлылығын дамыту жолдары//Оқу мен оқыту әдісін ұштастыру – сапалы білім негізі: Жинақ.- Алматы, 2014.- 52-58 бет.

«Кітапханалық қорларды және каталогтарды ұйымдастыру» пәнінің Үлгілік оқу бағдарламасы, 2012

«Кітапханалық қорларды және каталогтарды ұйымдастыру» пәнінен Республикалық ғылыми – әдістемелік орталыққа Республика көлемінде білімалушылардың кәсіби дайындық деңгейін бағалау тестін құрастырды  2012, 2013, 2014,2015жылдар

«Кәсіптік тәжірибе» пәнінің Үлгілік оқу бағдарламасы, 2012

«Психология» пәнінің Үлгілік оқу бағдарламасы, 2012

3

Шарафутдинова Б.Р.

Қоғамдық ғылым әдебиетері библиографиясының дамуы//Оқу мен оқыту әдісін ұштастыру – сапалы білім негізі: Жинақ.- Алматы,2014.- 34- 49 бет.

Білім беруде ақпараттық технологияны пайдалану//«Ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелері»: 1-ші Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары.-Сарыағаш,2014.-96-98 бет.

«Библиографиятану» пәнінің Үлгілік оқу бағдарламасы, 2012

 «Кәсіптік тәжірибе» пәнінің Үлгілік оқу бағдарламасы, 2012

«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәнінің Үлгілік оқу бағдарламасы, 2012

«Сөйлеу мәдениеті» пәнінің Үлгілік оқу бағдарламасы, 2012

«Библиография  » пәнінен Республикалық ғылыми – әдістемелік орталыққа Республика көлемінде білімалушылардың кәсіби дайындық деңгейін бағалау тестін құрастырды  2012, 2013, 2014,2015жылдар

«Кітап түптеу» пәнінің Үлгілік оқу бағдарламасы, 2012

4

Джумагалиева Б.Н.

      «Кітапхананың көпшілік жұмыстары»  тақырыбы бойынша өткізілген көпшілік шара//Оқу мен оқыту әдісін ұштастыру – сапалы білім негізі: Жинақ.- Алматы,2014.- 15-17 бет.

       ҚР Білім және ғылым министрлігі «ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы, Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен өткен «Жоғары білім беру бағыты бойынша білім беру қызметкерлерінің «Білім берудегі инновациялар мен тәжірибе – уақыт талабы» атты  екінші Республикалық педагогикалық оқуларының облыстық кезеңінде  «Экономиканың индустриалдық-инновациялық дамуы  жағдайындағы Қаскелең мәдениет колледжінде нәтижелі білім беру жүйесін жетілдіру» тақырыбына баяндама жасап, 2 орын иеленді.

      Экономиканың индустриалдық-инновациялық дамуы  жағдайындағы Қаскелең мәдениет колледжінде нәтижелі білім беру жүйесін жетілдіру //Білім берудегі инновациялар мен тәжірибе – уақыт талабы атты  екінші Республикалық педагогикалық оқуларының облыстық кезеңінің материалдары.- Алматы, 2016.- 647-653 бет.

      Сырлы бояудың сыры: мақала //Жетісу.-2015.-26 мамыр.

0401000 – «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарларымен білім беретін оқу бағдарламалары 2014 жыл

үлгілік оқу жоспарлары

«Кітапхана ісіндегі жарнама» пәнінің  Үлгілік оқу бағдарламасы, 2014

«Кітапхана ісіндегі ақпараттық технологиялар» пәнініңҮлгілік оқу бағдарламасы, 2012

«Кітапханатану» пәнініңҮлгілік оқу бағдарламасы, 2012

«Кітаптану және кітап тарихы» пәнінің   Үлгілік оқу бағдарламасы, 2012

«Кітапхана ісіндегі менеджмент  және маркетинг» пәнінің Үлгілік оқу бағдарламасы, 2012

«Кәсіптік тәжірибе» пәнінің Үлгілік оқу бағдарламасы, 2012

 

 

«Кітапханатану » пәнінен Республикалық ғылыми – әдістемелік орталыққа Республика көлемінде білімалушылардың кәсіби дайындық деңгейін бағалау тестін құрастырды  2012, 2013, 2014,2015жылдар.

5

Ибрагимова К.З.

0403000 – «Әлеуметтік-мәдени демалыс қызметі және халықтық көркемдік шығармашылығы» мамандығы бойынша ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт

2002 жыл, 2008 жыл

0401000 – «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт 2002 жыл, 2008 жыл

0403000 – «Әлеуметтік-мәдени демалыс қызметі және халықтық көркемдік шығармашылығы» мамандығы бойыншаҮлгілік оқу жоспарларымен білім беретін оқу бағдарламалары 2014 жыл

0401000 – «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарларымен білім беретін оқу бағдарламалары 2014 жыл

үлгілік оқу жоспарлары

ТМД әдебиеті пәнінің Үлгілік оқу бағдарламасы, 2012

Қазақ әдебиеті пәнінің Үлгілік оқу бағдарламасы, 2012

Шетел әдебиеті пәнінің Үлгілік оқу бағдарламасы, 2012

Балалар әдебиеті пәнінің Үлгілік оқу бағдарламасы, 2012

Педагогика пәнінің Үлгілік оқу бағдарламасы, 2012

6

Амирханова А.А.

       Кәсіби білім – бәсекелестік бастауы//Оқу мен оқыту әдісін ұштастыру – сапалы білім негізі: Жинақ.- Алматы, 2014.- 3-4 бет.

      Инновациялық білім беру ортасын қалыптастыру қажеттілігі//Білім берудің инновациялық жүйесін қалыптастыру жолдары және даму болашағы:Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары.- Алматы, 2014.

7

Салкынова А.Р.

      Кітап – рухани қазына//Оқу мен оқыту әдісін ұштастыру – сапалы білім негізі: Жинақ.- Алматы, 2014.- 32-33 бет.

8

 

 

9

 

 

10